Коронавирус: Қазақстандағы кинотеатрлар жұмысын тоқтатады

/image/2020/03/12/crop-17_11_784x1394_d7f4d95f1f4f128f2b9d3a99bd0.jpg

Қазақстанда коронавирусқа қарсы күрес шаралары аясында ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді. 

– Сауда орталықтары, соның ішінде базарлар жұмыс істейтін болады. Мемлекет халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуі керек. Ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жұмысын тоқтатады. Бұл оңай мәселе болған жоқ. Фильм аз дегенде бір сағат көрсетілетінін білесіздер. Ғимарат ішінде көптеген адамның бір уақытта ұзақ болуы көптеген сұрақ туындатты, сол себепті осындай шешім қабылдадық, – деді Ералы Тоғжанов.



Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи