Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жас Алаш дерегін негізге ала отырып хабарлайды.
Дереккөз әуелі «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өтетін уақыты таяп қалғанын назарға ала отырып, осы отырыстың астарында үлкен бір нәрсе бұғып жатуы мүмкін екеніне назар аударған.
"Ол не? Бұл отырыста қандай тақырып талқыға түседі? Партияның жай-жапсары, алдағы бағыты дейін десең, қисынға келмейді. «Nur Otan»-ның бағыты мен ұстанымы онсыз да белгілі. Сонда бұл кеңесте тігісі жатқызылып, өзекті болып өрілетін не болмақ? Әсіресе аяқастынан бас санитар Бекшин мырзаның «наконец-то, 11-і мен 16-сы арасында Қазақстанға коронавирус келеді» деп мәлімдеме жасауы отқа май құя түскендей болды. Көшеде де, әлеуметтік желіде де алыпқашпа, қаңқу әңгіме гуледі" дей отырып, сол алыпқашпа әңгіменің бірін ұсынған.
Онда:
«Келесі аптада үлкен саяси оқиға болып, президент ауысуы мүмкін. Елбасының өзі қайтадан таққа отырады, не оған жақын бір адам Тоқаевтың орнын баспақ. Вирус туралы әңгіме бекер емес. Халық көшеге шығып кетпесін деп, карантин жариялап жіберу үшін жасалған қулық болуы бек мүмкін» деп қауесеттің жұрт арасында айтылып жүргенін жазған.
♦ Оқи отырыңыз: Д.Абаев "Қазақстанда президент ауысады" деген ақпаратқа жауап берді
Оставить комментарий