Елде коронавирус тіркелмегендіктен балабақшалардың әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
– Балабақшалар туралы айтатын болсақ. Бүгін сіздер елімізде коронавирус тіркелмегенін естідіңіздер. Сондықтан балабақшалар жұмысын жалғастырады. Коронавирус жағдайы тіркелетін болса, қажетті шаралар қабылданады, – деді Аймағамбетов.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметтің арнайы баспасөз мәслихатында Қазақстанда коронавирус тіркелмегенін айтқан болатын.
Оставить комментарий