Қазақстанда коронавируспен бір күнде 7 адам тіркелді

/image/2020/03/25/crop-153_5_533x711_100-97.jpg

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында 7 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

"Алматы қаласында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 5 адам тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында  – 1 адам анықталды. Осылайша елде вирус жұққандар саны 79-ға жетті" делінген министрлік таратқан хабаламада.

Еске сала кетсек, кеше Жамбыл облысында бір адамнан, Солтүстік Қазақстанда бір адамнан вирус табылған болатын.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи