Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 2207-ге жетті. 536 адам аурудан айықса, 20 адам қайтыс болған. Бүгін қайтыс болған 1964 жылғы науқастан коронавирус 17 сәуірде анықталған.
Оған созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония секілді қосымша диагноздар қойылған.
Жүргізілген емге қарамастан, бүгін науқаста полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады. 30 минут бойы жасалған шаралар оны құтқара алмаған. Сағат 07:00-де биологиялық өлім тіркелді.
Оставить комментарий