Маңғыстаулық ардагерлерге миллион теңгеден беріледі

/image/2020/04/30/crop-490_143_306x373_snimok-ekrana-531.png

Маңғыстау облысында Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен тыл майданында еңбек еткен ардагерлерді ұлықтау шаралары жүріп жатыр.

Қазіргі таңда облыста соғысқа қатысқан 11 ардагер және 900 тыл ардагері бар. Мереке қарсаңында облыс әкімдігінің қолдауымен барлық ардагерлерге ақшалай материалдық қөмек есеп шоттарына аударылды. Оның ішінде 11 соғыс ардагерінің әрқайсысына 1 миллион теңгеден берілді. Сондай-ақ, соғыс мүгедектеріне - 1 млн. теңгеден, тыл еңбеккерлеріне - 40 АЕК-тен, соғыс мүгедектеріне теңестірілгендерге -60 АЕК және басқа да санаттағы әскерилерге қосымша қаражат берілді.

Бұдан бөлек, ардагерлердің туған күндері де ескерусіз қалып жатқан жоқ. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов Таушық ауылында тұратын ардагер Мәмбетов Ыбрайком және Ақтау қаласының тұрғыны ардагер Сухонос Станислав Трофимовичті облыс әкімі Серікбай Трұмовтың атынан арнайы құттықтап барып, алғыс хаттарын табыстады.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи