Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 28 жағдай анықталды, оның барлығы вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар, карантинде провизорлық госпитальдарда емделіп жатқан адамдар. Бұл туралы әкімдікті баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі күні коронавирустық инфекциядан сауығып, тағы 6 адам емдеуден шығарылды. Оның ішінде екі ер адам және төрт әйел кісі бар. Медицина қызметкерлері арасынан бір ер адам және үш әйел бар. Бесінші пациент Ыстамбулдан ұшып келген, алтыншы адам Минскіден ұшып келген. Бұған дейін ұшып келген екі пациент провизорлық стационарда болған.
Үш пациентте емдеу кезінде жағдайы полисегментарлы екі жақты пневмониясының болуына байланысты, ауырлықтың орташа дәрежесі, қалғандарында симптомсыз тасымалдаушылық ретінде бағаланды.
Бүгінгі таңда мегаполисте емделіп жазылғандардың саны 96 адамды құрайды.
Жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан емдеуде Алматы облысынан пациентті есепке алғанда, 739 адам бар.
Науқастардың жай-күйлері бір адамда – аса ауыр, 33 адамда – ауыр, 195 адамда – орташа ауырлық дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық.
Оставить комментарий