Қолжетімді тұрғын үй құрылысы экономиканы дамытып, жұмыспен қамту деңгейін көтеруге және әлеуметтік қолдау факторына айналады. Бұл туралы президент Қ.Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты.
– Елбасы бастамасымен жүзеге асқан 7-20-25 бағдарламасы ипотека бойынша несиелеу мен тұрғын үй құрылысына үлкен серпін берді. Үй кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін жаңа жоба – 5-10-20 бағдарламасын іске қосуды тапсырамын. Бұл мақсат үшін 390 млрд теңге бөлеміз. Биыл құрылыс көлімін рекордтық деңгейге жеткізу жоспарланған. 15 млн шаршы метр немесе 150 мың пәтер мен үй тұрғызылады, – деді президент.
Тоқаев тұрғындардың баспана мәселесін шешудің маңызды екенін атап өтіп, институционалдық құрылымды жаңарту қажеттігіне назар аударды.
Сондай-ақ президент үкіметке жыл соңына дейін Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің негізінде "Отбасы банк" деп аталатын даму мен қолдаудың толыққанды институтын құруды тапсырды. Ұйым есеп жүргізу, тағайындау, бапананы үлестірумен айналысады.
Оставить комментарий