Алматы Орталық мешітінде онлайн құран хатым дұғасы оқылды

/image/2020/05/24/crop-7_17_826x1239_1_0sm4mso.jpg

Алматы Орталық мешітінде қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай бастаған 10 қари Рамазан бойы оқыған онлайн Құран хатымның дұғасын жасады, деп жазады muftyat.kz.

Құран хатым дұғасына Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы және Алматы Орталық мешітінің имамдары мен қарилары қатысты. Құран хатымның арабша нұсқасын Серік қари Ахметов оқыса, ал хатым дұғасын Еркінбек Шоқай жасады.

Бас имам дұғасында елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі. Қасиетті Рамазан айында ұстаған ораза, оқыған тарауық намаз, берген садақа, жасаған қайырымды істеріміз бен ізгі ниетімізді, оқыған Құран хатымдарымызды қабыл етсін деп дұға етті.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи