Алматыда блокбекетте қайтыс болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі

/image/2020/05/27/crop-18_5_290x516_29-politsiya.jpg

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекетте қайтыс болған полицейлердің отбасына екі пәтер беріледі деп онлайн брифинг барысында айтты.

– Өте өкінішті жағдай. Екі бірдей азаматымыздың отбасы мен туыстарына  көңіл айтамын. Біз бұл жағдайдан шетте қалмадық. Қала әкімдігі бұл бағытта жұмыс жасап жатыр. Қазір кәсіпкерлер тарапынан екі отбасыға 2 пәтер алып беру туралы ойластырып жатырмыз. Сондай-ақ, туыстар тарапынан айтылған барлық қаржылық мәселелерге барынша көмек көрсететін боламыз, – деді Б. Сағынтаев.

Айта кетейік, бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен басшылық қызметте жүрген тоғыз полицейге қатысты тәртіптік жазалау шарасы қабылданды.

Еске сала кетсек, 25 мамыр күні таңға жуық № 4 блокпоста BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Жол-көлік оқиғасынан екі полиция қызметкері көз жұмды. Тағы бір полицейдің жағдайы ауыр.

 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи