Тоқаев бейбіт митингілер туралы заңға қатысты пікір білдірді

/image/2020/05/27/crop-20_6_524x968_12314172.jpg

Ұлттық сенім кеңесі отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында қол қойылған бейбіт митингілер туралы заңға қатысты пікір білдірді. 

"Бірнеше күн бұрын мен бейбіт митингілер өткізу туралы заңға қол қойдым. Ең маңыздысы - рұқсат сұраудың қажеті жоқ, тек ескерту керек", - деді Тоқаев. 

Ол аталған құжат қоғамдық-саяси қатынастардың дамуына серпін беретіндігін атап өтті.
 
"Бұл заң қоғамдық-саяси қатынастардың демократиялық жолмен одан әрі дамуына ықпал етеді деп ойлаймын", - деп сөзін түйіндеді президент. 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи