Алматы қаласында қоймада өрт шықты

/image/2020/05/29/crop-4_1_531x708_200529154707566a3655681i.jpg

Алматы қаласы Түрксіб ауданында орналасқан макулатура қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өрт Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесі 96 Г мекенжайынан шыққан. Қазір онда өрт сөндіру бөлімшелері тілсіз жаумен күресуде.

"Алдын ала мәлімет бойынша өрт макулатура қоймасынан шыққан. Оқиға орнына 15 техника, жеке құрамнан 60 адам және 2-ші өрт сөндіру бөлімінің 30 тонналық автопойызы жұмылдырылды. Сонымен қатар қызыл жалынның жақын орналасқан нысандарға жайылып кетпеуі үшін әрекеттер жасалып жатыр. Гидранттарға автоцистерналар орнатылды",– деп хабарлады ТЖД.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи