Наразылық: Америкада төрт полицейді атып кетті

/image/2020/06/02/crop-10_9_381x594_iiiiiiiiii.jpg

Америка Құрама Штаттарындағы толқулар кезінде Сент-Луис полициясының төрт қызметкерін атып кетті. Бұл туралы Қамшы тілшісі New York Post-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Сент-Луис метрополитен полициясының хабарлауынша, сейсенбі күні төрт офицерге оқ жаудырылып, полицейлер ауруханаға жеткізілген.

Полиция департаменті "Қала орталығында офицерлерге әлі де  оқ атылуда және оқиға туралы толық ақпараттарды бөлісіп отыратын боламыз" деп жазды Twitter парақшасында түнгі сағат 2 мөлшерінде.

Айта кетейік, Джордж Фойд есімді қара нәсілді жігіттің полиция қолынан қаза табуына байланысты АҚШ-та бейбіт шерудің соңы тонау мен зорлық-зомбылыққа ұласып жатыр. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи