Бекшин: Блокбекеттер алынғанмен, карантин режимі сақталады

/image/2020/06/02/crop-67_19_481x641_2020-06-02_16-19-35.png

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын блокбекеттердің алынғанына қарамастан, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұстануға шақырды.

Қала тұрғындары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, маска тағу режимін және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтаулары тиіс. Көпшілік орындарға барудан сақ болу қажет.

Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 647 жағдайы тіркелген. Сонымен бірге, оның айтуынша, жұқтырудың 90 пайыздан астамы алдын ала тест пен скрининг жүргізу кезінде анықталады. Бір аптадағы күнделікті өсім жекелеген күндері 1,7%-дан 4,8%-ға дейін құраған. Бүгінде 1627 адам аурудан айығып, үйлеріне шыққан.

– Қаладағы топтар мен барлық осал контингенттер үнемі тұрақты бақылауда. Жүйелі түрде скринингтік зерттеу жүргіземіз. Қазіргі уақытта біз осыған дейін анықталған барлық дерлік ірі ошақ учаскелерін жойдық. Қаладағы жалпы жағдай бақылаумызда, – деп түсіндірді Ж.Бекшин.

– Біз карантин шараларының – тұрғындардың қалаға кіруі мен шығуына қатысты бір бөлігін алып тастадық. Біздің кәсіпорындарымыздың және бірінші кезекте, олардың қызметкерлерінің барлық шектеу шараларын қолданған жағдайда жұмыстарын қайта бастауына мүмкіндік бердік, – деді Ж. Бекшин.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи