Қаржы министрі: Қазақстанда коронавирустың екінші толқынымен күресуге ақша бар

/image/2020/06/12/crop-67_12_298x397_115555395700.png

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елде коронавирустың екінші толқынымен күресуге ақша бар деп айтты.

– Уақыт көрсетеді. Жалпы, резервте ақша бар. Біз жағдайдың қалай болатынын, коронавирус жағдайы мен жалпы экономикалық жағдайдың қалай өзгеретінін көреміз, бірақ тұтастай алғанда үкіметтің резервінде және нақтыланған бюджетте жеткілікті қаражат бар, – деді Жамаубаев.

Сондай-ақ ол коронавирустың бірінші толқынымен күресуге Т153,4 млрд бөлінгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, елде коронавирус індетінен тағы бір адам көз жұмғаны хабарланған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи