Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленская коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ол қазіргі уақытта амбулаториялық емдеуде. Бұл туралы Риа хабарлады.
Украина басшысы және оның балалары COVID-19 тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққан.
Зеленский бұған дейін азаматтарға "бұл оба емес" екенін көрсету үшін коронавирус жұқтырғысы келетінін айтқан.
– Украина Президентінің әйелі Елена Зеленская COVID-19 тест тапсырып, нәтижесі оң шыққан. Ол өзін жақсы сезінеді, аурудың белгілері болып жатқан жоқ. Қазір Елена Зеленская отбасы мүшелерінен оқшауланып, амбулаторлық ем шараларын алып жатыр, – деді Украина басшысының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, инфекцияның қайда және қашан пайда болғаны әлі белгісіз, әзірше эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Украинаның денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырушылардың жалпы саны – 29 753 адамға жеткенін хабарлады. Оның ішінде емделіп шыққаны – 13 567, ал қайтыс болғандар – 870.
Оставить комментарий