Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Біртановтың жағдайы белгілі болды

/image/2020/07/03/crop-178_8_524x698_c6ae6d34b6dd21857d65db4169dc8358.jpg

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

– Елжан Амантайұлы жағдайының жақсаруына байланысты инфекциялық стационардан шығарылды. Қазір амбулаторлық емін жалғастыруда, – деді Ғиният онлайн брифигте.

Еске сала кетейік, 14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.

Бұған дейін Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министр Асқар Мамин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли және тағы басқа бірнеше шенеунік вирус жұқтырған.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи