Қазақстанның кей қалаларында екі апта қатарынан сенбі және жексенбі күндері ірі сауда орындары жабық болған. Соның салдарынан Magnum және Metro желілері миллиондаған теңгеге шығын көрген, деп хабарлады lsm.kz.
Magnum-ның PR-менеджері Дмитрий Шишкин желі жүз миллионға жуық теңге қаржы жоғалтқанын айтты.
– Шығынның нақты сомасы есептеліп жатыр. Екі апта аралығында белгілі болады. Алайда 20-21, 27-28 маусым күндердегі шығын жүздеген миллион теңге болғаны болжанып отыр. Бізден бөлек жеткізушілеріміз де шағынға батты. Сүт өнімдері, жеміс-жидек пен көкеністерге тапсырыс демалыс күндердегі жоғары сұраныс ескеріліп берілген. Шығындардың денін тауар түрін жоғалтқан өнімдер құрайды. Олар ондаған тоннадан асады. Негізінен отандық тауарлар, – деді ол.
Metro желісінің PR маманы Әсемгүл Сыздықова да Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы сауда нүктелерінің жабылуынан жеміс пен көкеніс, ет, сүт, нан өнімдері секілді сақталу мерзімі қысқа азық-түлік тауарлары категориясында компания шығынға батқанын жеткізді.
Оставить комментарий