"Нұрсұлтан Назарбаевтың қанынан коронавирусқа қарасы вакцина жасалады" деген ақпарат таратқан "Панорама" дейтін ресейлік сатиралық сайт Қазақстанда бұғатталып қалды. Қазір ел аумағынан бұл сайт ашылмай тұр.
ҚазТАГ агенттігінің жазуынша, сайтты тек VPN құралдары арқылы ашуға болады.
"Панорама" сайты Қазақстаннның экс-президенті Назарбаевтың қанынан коронавирусқа қарасы вакцина жасалады деген ақпаратты 2 шілде күні жариялаған.
Ал кеше, 3 шілде Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сатиралық сайт жариялаған ақпаратты жоққа шығарған.
Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген 80 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев 18 маусымда коронавирус жұқтырған. Арада 14 күн өткен соң, 2 шілдеде оның жазылып шаққаны хабарланды.
Оставить комментарий