Қазақстан билігі елде коронавирус өршіп, ауырған азаматтар ауруханға сыймай, дәріханаларда дәрі жетіспей жатқан тұста елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығы мен ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының күнін атап өтті. 5 шілде күні елдің барлық аймағында екінші рет карантин жариялаған билік той-жиынға тыйым салған болатын. Бірақ 6 шілде күндіз Нұр-Сұлтанда биліктің ұйымдастыруымен концерт өтіп, түнге қарай ойын-сауық арты отшашуға ұласты.
"ӨЛІКТІҢ ҮСТІНЕ БИЛЕУ ДЕГЕН ОСЫ"
Facebook желісінде жазылған пікірлерден карантин кезінде ойын-сауық жасап, салют атқан билік әркетіне деген қарсылықты байқауға болады.
Есдәулет Қызырбекұлы, журналист:
– Өліктің үстіне билеу деген осы.
Жанболат Мамай, оппозиция белсендісі, саясаткер:
Ерлан Төлеутай, әнші, желі белсендісі:
– Адам тозаққа да үйренеді, үш күннен кейін бір-біріне от шашып ойнайды дейді. Ауруханаларда тозақ орнаған. Моргтерде өшірет. Астанада салют атып жатыр...
Нұртай Ерназар, желі қолданушысы:
– Мынадай ауыр сəтте отшашу жасамай-ақ үнсіз ғана тойлайық деуге ешкімнің батылы жетпеген-ау сірə! Ел аман болса той көп қой, қоя салыңдар деуге көкемнің де "құдіреті" жетпепті. Бізді қойшы, үйренгенбіз ғой, сырттағы жұрт не ойлайды?.. Трагедия үстіндегі той ретінде тарихта қалмаса болғаны.
Қуаныш Еділхантегі, желі белсендісі:
Күлтегін Аспанұлы, желі қолданушысы:
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар алғаш рет наурыз айының басында анықтала бастады. Артынша елде екі айға жуық төтенше жағдай режимі жарияланып, қалалар карантинге жабылды. Мамыр айының ортасында билік төтенше жағдай режимін алып, карантин шектеулерін жеңілдете бастағанда вирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Соңғы айда елде күніне кемі 1000 адамнан вирус анықталып жүр.
Қазір елдегі дәріханаларда дәрі тапшы. Ауруханаларға науқастар сыймай жатыр.
Оставить комментарий