Индонезиядағы апатқа ұшыраған ұшақты іздеу жұмыстары жалғасуда

/uploads/thumbnail/20170708192636439_small.jpg

Индонезияның шығысында апатқа ұшыраған Trigana Air Service компаниясының лайнерін іздестіру жұмыстары басталды. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы Bnews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.  

Қазір іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақта ауа райы қолайсыздықтары туындаған себепті, жұмыстар уақытша тоқтатылған.  Синоптиктердің болжауынша, мұнда ауа райы тек түстен кейін ашылады. 
 

Еске сала кетейік, жексенбі күні Индонезия Көлік министрлігінің өкілі ATR 42-300 ұшағы Оксибил қаласынан шамамен 25 шақырым жерде апатқа ұшырағанын мәлімдеген.  Кеше қас қарайып қалғандықтан іздеу-құтқару операциясын тоқтатуға тура келген болатын. Оның үстіне ауа райы қолайсыз болдықтан  іздеу жасағы оқиға орнына жету үшін кем дегенде 3-4 сағат уақытты қажет еткен.
Лайнер қонуға 10 минут қалғанда радардан жоғалып кетіп, байланыс үзілген. Алдын ала мәлімет бойынша, оның бортында 49 жолаушы, бес экипаж мүшесі болған, оның ішінде бес бала бар. 
 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи