Петропавл қаласындағы Пестрое көлінде орналасқан «Солтүстік жұлдызы» саябағында көше субмәдениеттерінің облыстық фестивалі өтті. Оған аймақтағы бастамашыл-креативті жастар жиналып, барлығы екі жүзге жуық адам қатысқан. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы inform.kz- ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жастар хип-хоп, брейк-данс баттл, стритворкаут бойынша турнирлерде, скейтбординг, роликпен сырғанау, рэп оқудан, паркур, граффити салудан сынға түсті.
Петропавл субмәдениеттерінің облыстық фестивалін екінші рет ұйымдастырған. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңы концертке ұласты.
Оставить комментарий