ОҚО-да кәсіпкерден 120 теңге талап еткен департамент басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы nur.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
ОҚО-ның департамент қызметкерлері тарапынан жүргізілген шұғыл іздестіру шаралар нәтижесінде, газ құю бекетін пайдалануға рұқсат беретін құжаттарды рәсімдеу үшін Инвестиция және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы С.Сейтимов кәсіпкерден 120 мың теңге пара талап еткен.
Нақтырақ айтқанда «Шымкент Газ-терминал» ЖШС-нің қызметкері Ж.Жүнісов өзінен осыншама пара талап еткен С.Сейтімовке ақшаны беру барысында қолға түсті.
Айта кету керек, пара беру де, пара алу да қылмыс болып табылады. Сондықтан да бұл оқиға бойынша «Шымкент Газ-терминал» ЖШС-нің қызметкері Ж.Жүнісовке қатысты пара беру бойынша Қылмыстық кодекстің 367 бабы 1 бөлігіне сәйкес (Пара беру), сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды дейді ОҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Баспасөз хатшы –Ерлан Ермаханбетов.
Ал, С.Сейтимовке қатысты Қылмыстық кодекстің 366 бабы 1 бөлігіне сәйкес (пара алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазір оған прокурордың санкциясымен «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Оставить комментарий