Әлеуметтік желілерде ресейшіл пікірлерімен танымал болған, кейін ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалып, Алматы қаласындағы психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына жатқызылған қазақстандық блоггер Ермек Тайшыбеков өзіне тағылған айыптарды толықтай мойындамайтынын айтты. Бұл туралы «Қамшы» порталы NUR.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Естеріңізде болса, осыған дейін Қамшы порталы «Белсенділер жындыханаға жатқылызған Тайшыбековты босатуды талап етіп, петиция дайындауда» атты мақала жариялаған болатын.
Ресейлік және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары «Ресейді жақтаушы» Тайышбеков туралы түрлі ақпарат жазған. Тіпті, оның жақтастары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атына петиция әзірлеген де болатын.
Ал қарсы топ, «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Ермек Тайчибеков және оның сыбайластары қамауға алынсын!» деген арнайы топ парақшасы да ашқан.
Бұл ақпаратты centrasia.ru тәрізді тағы бірнеше ақпарат құралдары көшіріп басқан.
Ал Ермек Тайшыбековтың жындыханаға жатқызылғанын Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Жамбыл облыстық департаментінің 9-басқармасы бастығы орынбасары Жоламан Нұрпейісов Азаттыққа берген сұхбатында растаған.
“Ермек Тайчибековтің үстінен 2015 жылы маусым айының 30-ы күні қылмыстық кодекстің «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» аталатын 174-бабының 1-тармағы бойынша іс қозғалды да, тергеу кезінде Ермек Тайчибековке сот-психиатриялық сараптама жасалып, сарапшылар «ақыл-есінің ауытқу белгісі бар» деген қорытындыға келді. Тамыздың 12-сі күні ол Алматыдағы психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына бір айға тексеруге жатқызылды”, – деді Жоламан Нүрпейісов.
NUR.kz-тің жазуынша, «СССР-дің ыдырауы мен үшін трагедия болды. Өйткені менің отаным ыдырап кетті. Енді отаным (СССР-ді айтады – ред.) қайта бірігуі керек. Отаным – СССР, Ресей» деп жүргне Тайшыбеков енді біраз уақыт психикалық ауруханада тынығатын болады.
Тайшыбековтың «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі сепаратистік жазбаларына қатысты қазақстандық белсенділердің арызы қазір қаралу үстінде. Ал Тайшыбековтың өзі болса, енді Қазақстан мен қазақтар туралы жазуды доғаратынын да айтқан-мыс.
Ермек Тайчибеков 2013 жылы қазақстандық zonakz.net ақпарат құралына берген сұқбатында «СССР-дің ыдырауы мен үшін трагедия болды. Өйткені менің отаным ыдырап кетті. Енді отаным (СССР-ді айтады – ред.) қайта бірігуі керек. Отаным – СССР, Ресей» деген болатын. Ол осы сұхбатында сол мақсатын іске асыру үшін «Ресей билігімен байланыс орнатқысы келетінін» де мәлімдеген. Ол бұл жазбалалары үшін қылмыстық кодекстің «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» деп аталатын 174-бабының 1-тармағы бойынша қылмыскер деп танылған адам екi жылдан жеті жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Нұрзат Тоғжан
Оставить комментарий