Алматыда жолаушылар тасымалдайтын автобус аударылып кетті

/uploads/thumbnail/20170708192639680_small.jpg

Шымкент қаласынан Алматыға бағыт алған қала-аралық жолаушылар автобусы Алматы-Бішкек тас жолында аударылып кетті. Бұл туралы Қамшы порталы Tengrinews.kz-ке сілтем жасай отырып хабарлайды.

Алматы облыстық ІІД баспасөз-қызметінің мәліметінше,  жол көлік оқиғасы 15 тамыз күні  «Барыс» көлік базарының 28-шақырымында орын алған.  Апаттан 15 адам зардап шеккен. Олар қазір Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылған. Автобус ішінде барлығы 40 адам болған.

Апаттың себептері қазір анықталуда. Алдын ала болжамдар бойынша автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Нұрзат Тоғжан

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи