Маңғыстау облысында карантинде той жасағандар ұсталды

/image/2020/07/28/crop-4_42_672x1195_whatsapp-image-2020-07-27-at-214344.jpeg

25 шілдеде Маңғыстау облысы Қарақия ауданының тұрғыны карантин кезінде ауласында той жасаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, тойға 100-ден аса адам жиналған. Ал аймақтың бас санитар дәрігері адам көп жиналатындықтан, мұндай шаралардың өтілуіне тыйым салған.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін той иесіне Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 462-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін аудандық сотқа жіберілді.

Маңғыстау облысының полиция өкілдері тұрғындардан карантин ережелерін сақтап, қорғану құралдарын қолдануды сұрайды.



Оставить комментарий

Связанные Статьи