Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен 7 жасар бала өлі табылды

/image/2020/08/31/crop-5_3_498x886_depositphotos_141057272_xl-2015-pic905-895x505-90400.jpg

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен 7 жасар бала өлі күйінде табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

29 тамызда кешке Зубовск ауылында жоғалып кеткен Эдуард өлі күйінде табылды.

30 тамыз күні баланың ата-анасы полицияға баласының жоғалып кеткенін хабарлаған.

Ата-анасының айтуынша, аулаға ойнауға шыққан бала жоғалып кеткен. Полицияға хабар түскен соң, баланы іздеуге барлық полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ ауыл тұрғындары кіріскен.

Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, баланың денесі Зубовск маңайынан табылып, зорлық-зомбылықпен өлтірілгені анықталған. Тәртіп сақшылары баланы ертіп кеткен 20 жастағы тұрғынды ұстады.

– Осы дерек бойынша "Адам өлтіру" бабына сай сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады. Ол Алтай полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев. 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи