Трамптың жақтастары мен нәсілшілдікке қарсы шерушілер арасында қақтығыс кезінде, бір адам атып өлтірілді

/image/2020/08/31/crop-28_5_638x946_portland-oregon-protests-maga-supporter-shot-black-lives-matter.jpg

"АҚШ Портленд көшелерінде Дональд Трамптың жақтастары мен нәсілдік әділетсіздікке наразылық білдірушілері арасындағы қақтығыс кезінде бір адам атылды" деп хабарлайды The Indeppendent басылымы.

Полицияның хабарлауынша, сенбі күні кешке Орегон қаласында ер адам кеудесінен  атып өлтірілген.

Кісі өлтіру бойынша тергеу басталды.

Сенбі күні АҚШ президентінің жақтастары керуені мен қала орталығындағы қарсы наразылық білдірушілер арасында қақтығыс басталған.

Офицерлер атыс болған жерге "бір минуттың ішінде" келгені хабарланған. Бірақ оқиға орнындағылардың көмегіне қарамастан, оқ тиген адам қайтыс болған.

Қара нәсілді жігіт Джордж Флойд полиция қолынан қайтыс болғаннан кейін, үш айдан астам уақыттан бері әр күні Портлендте наразылық акциялары болып келеді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи