ҰБТ-да 138 балл жинаған оқушы білім грантынан айырылды (видео)

/image/2020/08/31/crop-6_120_926x1234_mycollages-25.jpg

ҰБТ-да кезекші мұғалім талапкерге тест сұрақтарын суретке түсіруге көмектескен. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook парақшасында оқиғаның видеосын жариялады.

– Конституция күніне сәйкес келіп, мереке күні 97 балаға арналған жақсы жаңалық! ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тестіленушінің нәтижелері жойылды, олардың 97-сі грант иегері атанған болатын (соның ішінде 138 балл алған түлек те бар). Соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркелетін болады, – деп жазды ол.

Оның айтуынша,  тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің өзі қылмыстық әрекетке барғаны анықталды. 

– "Батырлықпен" сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұр. Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз, – деп жазған желідегі парақшасында.

Оставить комментарий

Связанные Статьи