Мұғалімдердің құқығын бұзғаны үшін ата-аналар мен мектеп басшылығы жазаланды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Ол Facebook парақшасында "Педагог мәртебесі туралы" заңның маңызды ережелерінің бірі – педагогті міндетіне жатпайтын функцияларға тартудан қорғау, орынсыз есептіліктен босату. Бұл нормалар жаңа оқу жылы қарсаңында өте өзекті" деп жазған.
Министрліктің осыған қатысты қатаң ұстанымдарына қарамастан, осы ережелерді бұзу жағдайлары кездескен.
"Осыдан бірнеше апта бұрын Ленгір мектеп-интернатында әкімшілік іс қозғалды, онда педагогтерді лауазымдық міндеттеріне кірмейтін жұмыстарға тартқан. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті оқиға орнына барып, қызметтік тексеру жүргізді.
Фактілер расталды және мектеп директорының м.а. әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған дейін Түркістан облысы Кентау қаласындағы Молда Мұса атындағы мектепте де қызметтік тексеру жүргізілді. Онда мұғалімді мектепті жөндеу жұмыстарына тартқан. Аталған факті тексеру барысында расталды. Мектеп директорының міндетін атқарушы да, Кентау қалалық білім бөлімінің қызметкері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды" деп жазды министр.
Оставить комментарий