Түркияда қазақстандық 9 жасар баланы көлік қағып, қайтыс болды (видео)

/image/2020/10/01/crop-97_5_1033x1377_mycollages-20.jpg

Түркияда 9 жасар қазақстандық бала көлік қағып кетуі салдарынан көз жұмды. Бұл туралы Yenialanya порталы хабарлады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаны растады.

Порталдың мәліметінше, оқиға 28 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 14:00 шамасында Анталия провинциясындағы Алания ауданы Қарғыджақ ауылында болған.

Көлік баланы ата-анасымен жолдан өтіп бара жатқанда қаққан. Соққының жойқын болғаны соншалық, бала бірнеше метрге ұшып кеткен. Көлік баланы қаққаннан кейін, жанар-жағармай құю бекетіне соғылған. Оқиға орнына жылдам жеткен медицина бригадасы баланы ауруханаға жеткізгенімен, оны аман сақтап қала алмады. Оқиғаға кінәлілер ұсталды.



Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи