Қазақстандық бала Түркиядағы жол апатынан қаза тапты

/image/2020/10/01/crop-7_4_703x1250_2020100111084898977_321.png

Түркияның Алания қаласында 9 жастағы қазақстандық бала апаттан қайтыс болды. Бұл туралы  Alanya басылымына сілтеме жасай отырып, zakon.kz хабарлады.

Газеттің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 14:00 шамасында  D-400 тас жолында болған. Жолдан өтіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті.  Артынша көлік жанармай құю бекетіне соғылыпты.

Ауыр жарақат алған бала Алааддин Кейкубат университетінің ауруханасына жеткізілген. Алайда дәрігерлер қанша тырысқанымен, бала қайтыс болды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи