Алматыда оқушылар ІІ тоқсанда қалай оқиды?

/image/2020/10/08/crop-15_12_503x894_mektep.jpg

Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн-брифинг барысында мектептер бұрынғы қалпында жұмыс істеуі мүмкін екенін мәлімдеді. 

– Ауру деңгейі төмендеп, жағдай тұрақталатын болса, білім берудің дәстүрлі түріне біртіндеп көшу қарастырылады. Санитарлық қауіпсіздік шараларының максималды деңгейін қамтамасыз ете отырып, жүйелі білім берудің бірінші кезеңі 1-4 сынып оқушыларына беріледі. Екінші кезең – 5-11 сыныптар. Бұл шешім тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментімен бірлесіп қабылдансын, – деді Жұманов.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылында 1-ден 11-ші сыныпқа дейінгі балалар қашықтан оқып жатыр.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи