– Карантинге дейін республикада шамамен 16 мың кафе, мейрамхана, бар, караоке-клуб, бильярд бөлмелері, кинотеатрлар мен сауда орталықтары жанындағы фудкорттар жұмыс істеді. Олардың әрқайсысында орта есеппен 50 жұмыс орны болды. Бір жерде көп, бір жерде аз. Бірақ карантинге дейінгі кезеңде сала республика бойынша шамамен 800 мың адамды жұмыспен қамтыды. Онда бизнес иелері, аспаздар, даяшылар және техникалық қызметкерлер бар. Яғни, карантин жарияланған кезде біздің салада дәл сонша адам жұмыссыз қалды, – деді қауымдастық президенті.
Оның сөзінше, караокелер наурыз айында жабылған бері шамамен 20 млрд теңгеден астам шығын көрген.
"Кинопарк" және "Киноплекс" сияқты кинотеатрлардың ірі желісінің фудкорттары 7 млрд теңгеге жуық қаржы жоғалтқан.
Маман мейрамхана бизнесінің көптеген қызметкерлері жабылғаннан кейін такси қызметіне кеткенін айтты.
Карантин кесірінен мекемелердің 45 пайызы қызметін тоқтатқан.
Оставить комментарий