Қазақстанда қанша зейнеткер бар?

/image/2020/10/12/crop-13_89_490x871_45aad388665020513664b5f6215a9da4.jpg
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 576,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 285,4 млрд теңге бағытталғанын хабарлады.

"2020 жылғы қыркүйек айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 209 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 64,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 144,2 млрд теңге бөлінді" делінген министрлік таратқан хабарламада.

1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 млн 212 мың зейнеткер бар.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 94 913 теңгені құраған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи