Тоқаев Қазақстанның Кувейт пен Кипрдегі елшілерін тағайындайды

/image/2020/10/12/crop-10_8_702x1249_2019052913521395392_kstokaev-ak2.jpg

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Кувейт пен Кипрдегі елшілерін тағайындады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. 

Мемлекет басшысының жарлығымен:

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи