Ресей қазақстандықтарға Норвегия балықтарын тұтынуға тыйым салды

/uploads/thumbnail/20170708193101522_small.jpg

Ресейдегі азық-түлік өнімдеріне салынған санкциялар экономиканы есеңгіретіп жібергені туралы ресейлік БАҚ аз жазбаған болатын.  Солтүстіктегі көршілеріміздегі  сауда-саттық шайқасының тінінде Қазақстанның да экономикасы алағай да бұлағай күйге түскені жасырын емес. Дегенмен ЕАЭО, КО ұйымдарының шеңгелінде құдайы көршіміз бізді де  кірістіріп отыр. Осыдан 3 жыл бұрын Қазақстан импорттық құқықтарын Россельхознадзорға тапсырған еді. Енді мінге, жақында ғана Россельхознадзор біздің елге норвег балықтарын импорттауға тыйым салғандығы белгілі болып отыр. Бұл туралы «Қамшы» порталы www..365info.kz сайтына сілтеме жасайды.

Ал «Коммерсанттың» жазуынша, Россельхознадзор 14 норвегтік кәсіпорынның өнімдерін импорттауға тыйым салған. Демек, енді импорт тек Ресей үшін ғана емес Кедендік одақ аясындағы Белорусь, Қазақстан және Арменияға да тоқтайтын болады деген сөз.

Тыйым салынған өнімдерге мұздатылған форельдер, теңіз өнімдері жатады. Ресейліктердің пікірінше, санкцияланған өнімдерді Кедендік одақ елдері территориясы арқылы реэкспорттаудың алдын алатын жалғыз шара.  Осы мақсатта қолға алынған шара туралы ресми хаттар Белорусия, Қазақстан және Армения елшілігіне жіберілген.

Ал ресейліктердің өздері болса, норвег балықтарын жемегелі бір жыл болған. Биыл санкцияның мерзімі ұзартылып, 2016 жылдың 6 тамызына дейін созылған. Эмбарго 2014 жылдың тамызында Еуро Одақ пен Ресей арасындағы кикілжіңдерден кейін салынған.  Сонда біздің мұнда қатысымыз қанша?

Росселхознадзордың шешіміне қазақстандық кәсіпкерлер наразы ма? Ештеңе айта алмаймыз. Егер бұрынырақта Россельхознадзордың қаулысы Қазақстан территориясын транзиттік мақсатта пайдалануға тыйым салса, енді мүлде Қазақстан аумағына норвег балықтарын кіргізуге болмайтынын айтып отыр.

Санжар Әбдіхалық, «KingFisher» ЖШС қаржы директоры:

«Міне үш жылдан асты, Кедендік одақ аясында Қазақстанға қандай тауарлар, қандай өнімдер кіргізуге болатынын ресейлік Россельхознадзор шешіп келеді. Біз азық-түлік өнімдерін шығарушы кәсіпкер ретінде айтырлықтай қысымдарды күн сайын таңдау еркіндігінің тарылып келе жатқанын, шикізат өнімдері мен тауарларға шектеу қойылып жатқанын көріп келеміз. Бізде қазір таңдау қалмай барады. Россельхознадзор осымен бірнеше мәрте біздің ішкі нарыққа араласып, түрлі өнімдерді біздің елге импорттауға шектеу қойып отыр. Біздің ішкі саясатымызға араласуы нені аңғартады? Меніңше мұның астарында бөтен пиғылдар жатыр.

 

Ресей сауда-саттық соғысын біздің территорияға бағыттап отыр

 

Ресей бұл жерде әскери стратегтердің ең әйгілі тактикасын қолданып, шайқасты өзге территория арлықы жүргізбекші, дейді кәсіпкерлер. Ал ЕАЭО және КО сол мақсатты құрылған арнайы ұйымдар рөлін атқаруда-мыс. Жә, реэкспорт мәселесіне келер болсақ, мұздатылған балықтар бізге Норвегиядан тікелей ұшақ арқылы жеткізіледі.  Әуежайда арнайы ветеринарлық бақылаудан өткізіледі. Осылайша мұздатылған норвег балықтары басқа мемлекетке ұшып кете алмайды. Оның үстіне бұл экономикалық тиімсіз.  Ал тіпті, ұшып кетті деген күннің өзінде ресейлік әуежайдан-ақ құрықталары сөзсіз. Өйткені, онда да ветеринарлық бақылау жасалады.  Жоғарыдағы мәліметтерді ескере келе, Россельхознадзордың біздің ішкі мәселелерімізге  араласуына жол беруіміз – Президентіміз айтпақшы Тәуелсіздігіміздің тізгінін ұстатып қойғанымызбен бірдей емес пе?

 

 

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Связанные Статьи