Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындары оқытушылары жалақысының көтерілуі туралы министрліктің аппарат жиналысында айтты.
– Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеру мәселесін мұның алдында қарастырған болатынбыз. Жалақының өсуі өте маңызды. Жалақының өсуі ректорлар немесе министрлердің әлде министрліктің жұмыс нәтижесі емес. Біз соны дұрыстап түсіндіруіміз керек. Бұл мемлекет басшысының берген тапсырмасының арасында мүмкін болып отыр. Біз көбінесе осы мәселені дұрыстап жеткізбейміз, – деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, жалақының өсуі – тікелей президенттің тапсырмасы.
– Сондықтан дұрыс ақпарат беру өте маңызды. Көбінесе осы ақпарат біздің әріптестерімізге жетпейді. Тағы да қайталап айтамын, жалақының өсуі бұл - президенттің тапсырмасы. Ол ректордың әлде министрліктің арқасында болған шаруа емес. Осыны дұрыс қабылдап, дұрыс жеткізу керек, - деді ол.
Оставить комментарий