Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты бейбіт митингтерді өткізуге тыйым салу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Оның сөзінше, эпидемия кезінде 10 адамнан артық жиналуға болмайды.
– Біз митингтерді тоқтата тұруды қарастырып жатырмыз. Иә, қыркүйекте індеттің таралу деңгейі төмен болғанда бейбіт жиын өткізуге рұхсат бергенбіз. Қауіпсіздік шаралары, әлеуметтік арақашықтық сақталған, дезинфекциялық құралдардың қолданылуы қадағаланған митингтер өткен. Бірақ қазір жағдай өзгеріп жатыр. Біз мұндай шараларды өткізуге рұқсат бермеу жағын ойластырып жатырмыз, – деді санитар дәрігер.
Оставить комментарий