Оқулық төңірегіндегі дау әлі де басылмай тұр

/uploads/thumbnail/20170708193116256_small.jpg

Елімізде жаңа оқу жылына санаулы күндер қалса да, оқулық төңірегіндегі шу әлі басылмай тұр. Білім министрі Аслан Сәрінжіпов жыры бітпеген оқулыққа қатысты тағы мәлімдеме жасады. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы  КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

“Елімізде жыл сайын төрт сыныпқа ғана жаңа оқулықтар сатып алынады. Яғни, биыл жергілікті бюджеттен ақша бөлініп, 4, 5, 6 және 11-сыныптарға толықтай оқулық алынды. Ал, алдыңғы жылдары басқа төрт сыныпқа сатып алынған болатын. Бірақ ол кезде қаржы жетіспей кітаптың біразы алынбай қалды. Сондықтан сол сыныптарға оқулық жетпей қалуы мүмкін”, – дейді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Министр мырза кітап қорының аз болуынан оқулық  жетпей қалған оқушылардың ата-аналарына қаражатты қалталарынан шығарып, сатып алсын дейді. 1 қыркүйекке дейін еліміздің мектептеріндегі кітапхана қоры тағы жаңа оқулықтармен толығатынына сенімді.  Әрі ата-аналарды мектептен кітапты қазірден барып алып алуға шақырып отыр.

Бұдан бөлек, министр төменгі сынып оқушылары үшін білім ордасындағы түскі ас туралы да сөз етті. Еске сала кетсек, биылдан бастап мектепте берілетін тегін ас тек жағдайы нашар отбасындағы және жарымжан балалар үшін ғана берілетін болған. Осыларды ескере кетсек, баласы білім ордасында оқитын әр ата-ананың  қалтасына салмақ бұрынғыдан да едәуір түсетін болды.

Гүлден Әбдібақыт

 

Связанные Статьи