Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды балкондарға, қабырғаларға ілуге рұқсат беретін заң болу керектігін айтты

/image/2020/10/28/crop-10_14_762x694_20201028_113630.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кеңінен қолдануды қолдайтынын, мемлекеттік раміздерді қолдануға қатысты заңды қайта қарау керектігін жариялады.

"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын...Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет" деп жазды Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи