Түркиядағы жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны белгілі болды

/image/2020/11/01/crop-88_3_259x346_8bcee119-a8df-4898-9bd5-2486460a1697.jpeg

Түркияның батысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 43-ке жетті. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады.

Төтенше жағдайлар агенттігі бұған дейін 42 адамның мерт болғанын жазған.

"Соңғы дерек бойынша 43 адам көз жұмып, 896-сы зардап шекті. Құтқарушылар Измирде қираған тоғыз ғимараттың үйіндісінде жұмыс істеп жатыр" делінген сайт таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, 30 қазан күндіз Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи