Қазақстанда бір тәулікте 703 адамнан коронавирус анықталды

/image/2020/11/05/crop-7_7_381x678_vi.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда 703 адамнан вирус анықталғанын хабарлады. 

Оның ішінде ПТР арқылы 494 адамнан коронавирус расталса, 209  науқаста коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония тіркелген.

1 адам пневмониядан қайтыс болған. 64 науқас пневмониядан, 246 науқас коронавирустан жазылып шыққан.

Қазіргі уақытта коронавирустан 5 223 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар.

Стационарларда 2 572 науқас жатыр. 2 651 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи