Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Сыдымановтың "Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы" 2020 жылғы 20-қарашадағы №32 қаулысы жарияланды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаулыға сәйкес, Алматы облысында карантин режимі жалғасып, кейбір шектеу шаралары енгізіледі.
– Алматы облысында карантинді жалғастыруды және кейбір шектеу шарасын енгізуді қаулы етемін. Карантин режимі мен мерзімдері COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін, - делінген Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысында.
Атап айтқанда, мына жерлердің жұмысы бұрынғыша тоқтап тұр:
– 50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана)
– кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің);
– саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйым;
– ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар);
– оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер;
– ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.
Жаңа қаулы 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енеді.
Оставить комментарий