Қазақстанның тағы бір облысы коронавирус бойынша "сары" аймаққа кірді

/image/2020/12/02/crop-132_11_436x581_photo_313065.jpeg

Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа кірді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Facebook парақшасында жазды.

– Ортақ күш-жігеріміздің және ШҚО тұрғындарының жоғары жауапкершілігінің арқасында біз COVID-19 инфекциясының таралу деңгейін төмендете алдық. Бүгінде аймақта коронавирустың көбею коэффициенті бәсеңдеді. Қарашаның басымен салыстырғанда репродуктивті R саны 1,85-тен 0,84-ке дейін, ал төсек қорының қамтылу пайызы 31,1-ден 14,5-ке дейін төмендеді. Вирус жұқтырғандар саны 7 қарашада 353 адам болса, кеше 73 құрады, – дейді ол.

Оның айтуынша, ШҚО коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шығарылды.

 – Біз коронавирустың "сары аймағына" кірдік. Бұл қолданыстағы шектеулерге бірқатар жеңілдіктер енгізуге мүмкіндік береді. Алайда індеттен әзірге вакцина жоқ, сондықтан КВИ-ден ең сенімді қорғаныс – сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтық болып қала бермек. Біздің қазіргі басты міндетіміз – сырқаттың өсуіне жол бермеу, емдеу мекемелерінің тиімділігін арттыру және халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. Өзіңіз бен жақыныңызға қорған болыңыз,  – деп жазды Даниал Ахметов.

Оставить комментарий

Связанные Статьи