"Жалақы көлемі өсті". Аймағамбетов ЖОО-дағы жаңа өзгерістерді айтты

/image/2020/12/02/crop-184_13_636x848_img_20190618_231551_285-1.jpg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары білім беру саласындағы маңызды өзгерістерді айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Біз ҚР БҒМ бұйрықтарына өзгерістер енгізіп, оқытушылар толтыратын құжаттар көлемін айтарлықтай қысқарттық. Қатаң есептілік нысандарынан 11 құжат алынып тасталды. Оқытушының жүктемесі 800 сағатқа дейін жетсе, сабақтарға дайындалуға немесе ғылыми бағыттағы жұмыстармен айналысуға уақыт табу қиын. Сондықтан жақын арада Министрлікке қарасты жоғары оқу орындарына жаңа әдістеме ұсынылады, – деп атап өтті министр.

Ол 2019 жылдың қыркүйегінде ректорларға жалақыны ішкі резервтер мен әкімшілік шығындарды қысқарту есебінен 25%-ға арттыру туралы тапсырма бергенін атап айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік білім беру грантының құны артып, оқытушылардың еңбекақысын көбейтуге мүмкіндік пайда болды. 1 қыркүйектен бастап орта есеппен ұлттық жоғары оқу орындарында жалақы көлемі 28%-ға, ал мемлекеттік жоғары оқу орындарында – 20%-ға өсті, – деді Аймағамбетов.

Оставить комментарий

Связанные Статьи