Тоқаев Ұлттық банк төрағасына тапсырма берді

/image/2020/12/03/crop-11_188_921x1228_mycollages-85.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Ұлттық банк төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 11 айдағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, әлемдік қаржы нарықтарының қазіргі ахуалы мен оларды қалпына келтірудің перспективалары туралы баяндады.

Сонымен қатар ол 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтты.

Досаев президентке зейнетақы активтерінің жағдайы туралы есеп беріп, мемлекеттік қарызды басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ мемлекет басшысына орта мерзімді кезеңде ұлттық банкті және қаржы секторын цифрландырудың негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.

Тоқаев кездесу соңында Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи