Коронавирус инфекциясын жұқтырған кейбір науқастарда аурудың аномальды ағымы байқалады, онда дене қызуы шамалы көтерілгеннен кейін күрт төмендейді. Мұндай белгілер туралы иммунолог-аллерголог Владимир Болибок айтып берді, деп хабарлады 24.kz.
– Кейбір адамдарда 1,5-2 апта бойы жоғары температура болады. Кейбіреулерде жағдай басқаша: олардың екі күн бойы дене қызуы көтеріледі, содан кейін дене температурасы 35 градусқа дейін және одан төмен түседі. Егер коронавирустың жеңіл түрі болса, кейбір адамдардың қызуы нормадан төмен болады, – деді Болибок.
Дәрігердің айтуынша, бұл ауру кезінде пациенттің ағзасындағы зат алмасудың реттелуі жоғалатынын көрсетуі мүмкін.
Оставить комментарий