«Отандық сауда флотын құру ісін маңызды партиялық тапсырма ретінде қарастырамыз және де оны соңына дейін жеткізуге жігеріміз жеткілікті» - Әбілсейіт Әшімбаев

/uploads/thumbnail/20170708193336549_small.jpg

Соңғы 8 жылдан бері Маңғыстау облысындағы «Казмортрансфлот» бастауыш партия ұйымы қазақстандықтарды Ресейдің бірқатар оқу орындарында теңіз кәсібінің қыр-сырын танып-білу мақсатында өз қаржысына оқытып келеді.

Бастауыш ұйымның ұсынысы мен бастамасы бойынша отандастарымыз Ресейдегі «Адмирал Ф.Ф.Ушаков атындағы Теңіз Мемлекеттік Университетінің» Новороссийск, Астрахань қалаларындағы филиалдары, Санкт-Петербург қаласындағы «Адмирал С.О.Макаров атындағы Теңіз Мемлекеттік Академиясында» теңіз кемесін жүргізу, кеме құрылысы, электромеханика, кеме және энергетикалық қондырғыларды пайдалану мамандықтары бойынша 2007 жылдан бері 117 маманды оқытқан. 

Бірқатар курсанттарымыз өздеріне жүктелген жауапкершілікті ақтап, оқуда озат деп те танылып жатыр. Мысалға, 2012 жылы адмирал С.О.Макаров атындағы «Теңіз Мемлекеттік Академиясы» оқу орнының 4-ші курс курсанттары Серікұлы Айдын және Айтбай Азамат «Үздік» белгісімен марапатталған. Сондай-ақ Адмирал Ф.Ф.Ушаков атындағы Теңіз Мемлекеттік Университетінің Астрахань қаласындағы Каспий филиалында оқитын 3-курс курсанты Сәрсенов Арман оқуында жақсы жетістігі үшін Алғыс хатпен марапатталған.

2010-2012 оқу жылдары бітірген алғашқы 24 түлек «Казмортрансфлот» мекемесіне жұмысқа алынып, қазіргі таңда жұмыс жасауда. «Қазтеңізтрансфлот» компаниясы бастауыш партия ұйымының құрамында бүгінде 40 адам бар. Бастауыш ұйым жетекшісі Қ.Есетов ұсынған екі адам, осы бағдарлама бойынша оқып келгеннен кейін, «Қазтеңізтрансфлот» компаниясына техникалық дамыту департаментіне қызметке алынды.

Олардың ішінде «Қазтеңізтрансфлот» компаниясында флотты техникалық дамыту департаментінің директоры Бимурзаев Серікқали Көпшілбайұлы да болған. Ол 2014 жылы Санкт-Петербург қаласына теңіз операцияларын өткізудегі қауіпсіздік мәселелері бойынша біліктілігін арттыру үшін оқуға жіберілген еді. Алдағы жоспарлары жөнінде С.Бимурзаев: «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде, алған білімімді КТТФ жұмысшысы ретінде ғана емес, сондай-ақ аса жауапты әрі қажетті іспен айналысатын партия мүшесі ретінде, отандық сауда флотын құруға қолдануға тырысамын. Елбасымыз атап өткендей, заманауи әрі дамыған мемлекет құру жолында біз әрдайым оқып, біліктілігімізді арттыруымыз тиіс, осы жағдайда ғана біз бәсекеге қабілетті мемлекет болып, әлемнің 30 дамыған елдері қатарында лайықты орынға ие бола аламыз»,- дейді.

Осы департаменттің бас маманы Әшімбаев Әбілсейіт Абылайханұлы да біліктілігін арттыру мақсатында 2014 жылы Санкт-Петербург қаласына жіберілген болатын. «Біз қазіргі таңда еліміз үшін мүлдем жаңа сала – теңіз сауда флоты саласын қалыптастырудың алдыңғы шебінде тұрғанымызды жете түсінеміз. Біз отандық сауда флотын құру ісін маңызды партиялық тапсырма ретінде қарастырамыз, және де оны соңына дейін жеткізуге жігеріміз жеткілікті» - деп өз ойымен бөлісті Ә.Әшімбаев.

Айта кетерлігі, «Нұр Отан» партиясы 2015 жылды бастауыш партия ұйымдарымен тығыз жұмыс жасау аясында өткізеді. Бүгінгі күні партия қатарында 5700 бастауыш партия ұйымдарына біріккен 860 мың мүше бар. Әрбір 9-шы сайлаушы – «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

«Нұр Отан» партиясы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауын жариялады. Бұл байқау партия тарихында алғаш рет өткізілгелі жатыр. Өңірлердегі үздік 9 БПҰ жеңімпаз атанатын болады. Сайыстың басты мақсаттары – үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтап, олардың жұмыс тәжірибесін еліміздің барлық өңірлеріне тарату, кәсіби деңгейі жоғары әрі ең белсенді бастауыш ұйым төрағаларының арасынан алдағы уақытта партиялық және басқа да сайланбалы қызметтерге ұсыну үшін партиялық кадрлар резервін қалыптастыру.

Бастауыш партия ұйымдарының қызметімен Nurotan.kz сайтында толығырақ таныса аласыздар.

Связанные Статьи