Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев «Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасы аймақтары арасындағы инвестициялық мүмкіндіктер» атты екіжақты бизнес-форум кезінде хабарлады.
«Маңғыстау облысының Иран Ислам Республикасымен сыртқы сауда байланысы 2014 жылы 35,7 млн долларды құраса, 2015 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында – 11,6 млн долларды құрады. Соңғы жылдары сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы әлеуеттік мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін, Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасының кәсіпкерлері мен мемлекеттік органдарының арасында бірқатар іскерлік кездесулер өтті», - деп атап өтті Айдарбаев.
Облыста Иран Ислам Республикасының қатысуымен әр түрлі экономикалық саладағы: көліктік-экспедициялық қызмет, су көлігі айналасындағы қызмет, сауданың кең түрі, тамақ өнімі сияқты 15 бірлескен кәсіпорын тіркелген.
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы мен Хадже Нафас порты (Гүлістан аймағы) және Порт Анзали арнайы экономикалық және өнеркәсіптік аймағы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім өз күшінде. Иран Ислам Республикасының қолдауымен Ақтау қаласында экономикалық және мәдени байланыстарды белсенді түрде жүргізіп отырған Иран бас консулдығы ашылып, қызмет етуде», - деді Маңғыстау облысының әкімі.
Облыстың қазіргі таңда Каспий өңірінің көп ұлттық жүйесіне шығаратын Қазақстан Республикасындағы шекарамен шектес облыс ретіндегі қуатты көліктік-логистикалық және сервистік әлеуеті бар.
Өз кезегінде, Иран Ислам Республикасы Мазандаран аймағының губернаторы Рабие Фаллах Джелоудер аймақтың Маңғыстау облысымен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.
«Қазіргі уақытта біздің сауда-көліктік флотымыз жеткілікті. Басымыздан өткен қиындықтарға қарамастан, көліктік инфрақұрылысты дамытуды жоспарлап отырмыз. Ынтымақтастығымыздың шамасын арттыру үшін, Сари портынан Ақтау қаласына жолаушыларды тасымалдау керек. Біздің арамызда жақсы келісімдер болды деп ойлаймыз. Біз ауыл шаруашылығы, портты ұйымдастыру, туризм және көлік салаларында ынтымақтасуға дайынбыз. Бірнеше жылдар бұрын бізде жылына 5 млн тонна мұнайға СВОП-схемасы жұмыс жасады. Алдағы уақытта осы көлемді қайтадан жандандырамыз деп сенеміз», - деді Рабие Фаллах Джелоудер.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.